«Дәрігермен танысу» айдары: Тіс дәрігері — Үсенов Н.

Тіс дәрігері ретінде жұмыс істеген барлық уақытымда мен сүт тістерінің проблемасына тап болдым! Ата-аналарға және менің жас пациенттеріме сүт тістерін емдеу туралы кеңес бергім келеді!
️ ️Сүт тістерді емдеу керек пе❗️❓
“Сүт тістер бәрібір түсіп қалады” деп көпшілік ата-ана оларға аса мән бермейді 🙃
Алайда ☝🏻сүт (молочный) тістерге дұрыс қарамау үлкен қателік. Себебі сүт тістердің дұрыс әрі сау өсуі адамның стоматологиялық болашағына әсер етеді.
Сүт тістердегі тісжегі (кариес) оның астынан өсіп келе жатқан жаңа тістерді де зақымдайды. 😨🆘
Ал егер уақытында қаралмай, ол емдеуге де келмей, жұлдырып тастасаңыз, оның да өз қауіптері бар.
Ол жақ геометриясының өзгеруіне, шайнаудың бұзылуына әкеліп, болашақта дене мүсіні, тістем және ас қорыту проблемаларын тудыруы мүмкін. ❗️❗️❗️
Сондықтан тіс саулығына мұқият болыңыздар ☝🏻🦷
Сіздің тіс дәрігеріңіз Нұрдәулет Нұрланұлы

Share:

Добавить комментарий

Color Skin

Nav Mode