Ақыл тіс адам ағзасында соңынан шығатын тіс. Ол 16-17 жастан кейін шыға бастайды. Көбіне ақыл тістер тез закымдалып, асқынуға бейім келеді. . Уақтылы ем жасамаса, кері әсерін көрсетеді Кей адамдарда жетінші тіске тіреліп тұрады. Ондай уақытта хирургиялық ота жолымен алынып тасталады, Жалпы, халық арасында ақыл тіс туралы түрлі пікірлер бар. Мәселен, кейбірі ақыл тісті бірден жұлып тастау керек деген пікірде. Олардың ойынша ертеректе ата-бабамыз қатты заттарды көп тұтынатын болған, қазіргі заманда ешкім қатты тағамдарды шайнамайды сондықтан оның қажеті жоқ деген ой қалыптасқан. Деректерге сүйенсек, соңғы жылдары көп адамдарға ақыл тіс шықпайтын болған. Дегенмен, ақыл тіс шығып, оның ешқандай кедергісі болмаса оған тиіспеген жөн. Сау ақыл тістердің протез бекітуге көмегі тиеді. Алайда ақыл тістің 85 пайызы дұрыс шықпайды. Ол қызыл иектің ішіне немесе өзге тістің астына шығуы мүмкін. Салдарынан ұрттың шырышты беті зақымдалып, тістің қызыл еті ісіп, тістер бір-бірінің үстіне шығады. – Ақыл тістің шығуы кезінде жайсыздықтар болса бірден дәрігерге көріну керек. Шаншып ауыруы, кызыл иек кызарып, ісінуі,жағымсыз иістің шығуы, беттің қатты ісуі мүмкін. Мұндай белгілер тістің патологиясы бар екенін білдіреді, –. Ескеретіні, бүтін және қолайсыздық тудырмайтын, толықтай түзу өсіп шыққан, тіс тазалау кезінде кедергі жасамайтын, жақ сүйектерінде дұрыс орналасқан ақыл тісті жұлдырудың қажеті жоқ. Ақыл тісті жұлып-жұлмауға қатысты әртүрлі пікір бар. Әрине, егер бұл мәселе мазалаған болса, міндетті түрде стоматологтың кеңесіне құлақ асқан жөн. Ауырсынудың алдын алу мақсатында жылына екі рет рентгендік бақылау жүргізсеңіз, тіпті жақсы. – . Егер тіс қатарында ақыл тіске орын жеткіліксіз болса, қисайып шыққан ақыл тіс басқа тістерді итеріп, ауырсыну сезімін тудырады. Тісті толықтай қызыл иек жауып тұрса, ол өз бетінше жарып шыға алмайды. Бұл қызыл иектің қабынуына алып келеді. Міне, осындай жағдайда ғана жұлуға болады,
Ақыл тісті жұлдырам деп асығыс шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Әуелі оның қаншалықты қалай өсетінін және көршілес тістерге қысымның бар-жоғына көз жеткізуіңіз керек.Ол ушін білікті мамандардың кеңесіне жугінген дурыс, Жамбыл облыстық тіс емханасының жогаргы санатты хирург стоматологі Хамзин Мурат Хусаинулын сіздердің назарларынызга мактанышпен усына аламыз,Тәжірибелі маман сіздерді мазалаган сурактарга жауап беріп,жогаргы дережедегі стоматологиялык көмек көрсетеді,Мурат Хусаинулы Жуанышева көшесі, 4 ші уйде орналаскан тіс емханасында кабылдайды, Мына байланыс тел аркылы хабарлассаңыздар болады 8726 34 58 78