
Бүгін парақшамызда ардагер дәрігер, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері, дәрігер-эпидемиолог Жолдасбаева Светлана Ходжабайқызы жайлы болмақ. Светлана Ходжабайқызы еңбек жолын соңау 1973 жылы училище түлегі болып, жас маман ретінде Қызылорда облысы, Қазалы аудандық СЭС-лаборанты болып бастаған. Алайда білімге деген құштарлығы Светлана Ходжабайқызын 1976 жылы Карағанды медициналық мемлекеттік институтының студенті атануға жетеледі. 1982 жылы аталған білім ошағының санитарлық гигиена және эпидемиология факультетын ойдағыдай тәмәмдап, туған ауылына өзі жұмыс істеген мекемеге үлкен ынтамен оралды. Жарты ғасырға жуық халқына адал қызмет еткен Светлана Ходжабайқызы бүгінгі күні құрметті демалыста. ЖОСЕ ұжымы ардагер дәрігерімізді 70 жас мерейтойымен құттықтай отырып, деніңізге саулық , отбасыңызға амандық тілейді!
