Этикалық кодексі.

ШЖҚ МКК «Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасы»
Этикалық кодексі
Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасының Этикалық кодексі Гиппократ антына, мейірмділік, гуманизм кағидаларына, этика жөніндегі Дүниежүзілік медициналық ассоциациясының құжаттарына және азаматтардың медициналық көмек алуға, денсаулығын қорғауға құқығы жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес жасалған, денсаулық сақтау жүйесіндегі дәрігер – стоматологтың рөлі мен дәрігер – стоматологтың пациентпен қарым – қатынасын есепке ала отырып дәрігерлік этикасының нормаларымен толықтырып, кез – келген дәрігер – стоматолог медициналық қоғамның алдында моральдік жауапкершілігі бар екенін, ал медициналық қоғам әр мүшесі үшін жауапты екенін ескертеді.

Этикалық кодекс
І – бөлім. Дәрігер — стоматолог және қоғам.

І – бап. Дәрігер – стоматолог кез – келген адамға, оның жыныстық, әлеуметтік, ұлттық және саяси көзғарасына қарамастан жедел медициналық көмек көрсетуге дайын болу керек.
ІІ – бап. Дәрігер – стоматолог барлық ресми тәсілдерімен тұрғындардың денсаулық сақтау ісіне, соның ішінде мәдени, экология, гигиена, медицина, ағарту мәселелері бойынша ат салысуға тиісті.
ІІІ – бап. Жоғары және орта стоматологиялық білімі бар мамандар тек ғылыми жетістіктермен, жаңа ақпараттармен айналыспай ғана, өзін кәсіби тұлға ретінде қалыптастыруға тиісті.
ІV – бап. Дәрігер – стоматолог сараптамаға, консилиумға, кеңестік комиссияларға қатысып, өз позициясын нақты әрі ашық айтуға тиіс, егер қысым жасалған кезде заңды және қоғамдық қорғауға жүгінуге құқылы.
V – бап. Дәрігер – стоматолог өзі көрсеткен стоматологиялық көмегі үшін жауапты. Көрсетілген көмек сапасын бағалауға денсаулық сақтау және мемлекеттік қадағалау органдарының бұйрығы бойынша тәуелсіз сарапшылар ғана құзыретті.

ІІ – бөлім. Дәрігер — стоматолог және пациенттің құқығы.
VІ – бап. Дәрігер — стоматолог пациенттің ар-намысын сыйлауға тиіс. Дөрекелік көрсету немесе адамдарды алалауға жол берілмеу керек.
VІІ – бап. Егер пациент — қоғам, пациент – отбасы мүдделерінің келіспеушілік пайда болған жағдайда дәрігер – стоматолог пациенттің мүдделерін жақтауға тиіс. (егер оның мүдделері қоғамға зиян келтірмесе)
VІІІ – бап. Пациенттің келісімінсіз ешқандай медициналық араласу жүргізілмейді.
Келесі жағдайларда ғана жүргізіледі.
Пациенттің психикалық және физиологиялық ауыр жағдайында шешім қабылдай алмауы.
Пациент қоғамға қауіпті болған жағдайда .
ІХ – бап. Дәрігер — стоматолог және дәрігерлік құпияны сақтауға пациенттің құқығы.
Медициналық ақпаратты беру жағдайлар құпияны ашу деп есептелінбейді:
Кәсіби көмек беру мақсатында
Ғылыми зеттеулер, емдеу – сауықтыру, оқу процесі және медициналық көмектің сапасына сараптау жүргізу мақсатында
Соттың шешімі бойынша

Х – бап. Егер пациент басқа дәрігер – стоматологта емделуге шешім қабылдаса, оған ешқандай кедергі жасамау керек. Өзін – өзі жарнамалауға жол берілмесін.

ХІ – бап. Дәрігер — стоматолог пациентке өзінің философиялық, діни, саяси көзғарастарын мәжбүрлеуге жол берілмесін. Жеке басының қағидалары емдеу және диагностикаға кедергі келтірмеу керек.

ІІІ – бөлім. Стоматология профилінің мамандарының әріптестерімен қарым — қатынасы.
ХІІ – бап. Стоматология профилінің мамандары стоматологиялық қоғамның дәстүрлері мен намысын көтеруге тиіс.
ХІІІ – бап. Дәрігер – стоматолог емхананың қоғамдық өміріне ат салысып, әріптестерінің ар-намысын қорғауға тиіс. Заңдылықпен тыйым салынған емдеу – диагностикалық тәсілдерді қолдануға жол берілмесін.
ХIV – бап. Әріптестердің қателіктерін сараптап, құзыретсіз, кәсіби деңгейі төмен әріптестердің пациенттің денсаулығына зиян келтіруге жол берілмесін.
ХV – бап. Әріптестерімен қарым – қатынасы адал, әділетті, сыйлы, өзінің тәжірибесі мен білімін бөлісуге дайын болуға тиіс.
ХVІ – бап. Басқа дәрігерлерге, қызметкерлерге жетекшілік жүргізу жоғары кәсіби деңгейі және құзыреті моральдық құқығын береді.
ХVІІ – бап. Әріптестерге сын айту кәсіби деңгейде болу қажет, дөрекіліксіз және нақты болуға тиіс.
ХVІІІ – бап. Әріптестерді дискриминациялау арқылы өзінің беделін қөтеруге тыйым салынады. Пациенттің көзінше әріптестерді жамандауға жол берілмесін.
ХІХ – бап. Клиникалық күрделі жағдайлар орын алған кезде әріптестерге ақыл – кеңес беріп, көмектесу қажет.
ХХ – бап. Пациенттің көзінше әріптестердің қателерін айтуға, сонымен қатар «Сізді дұрыс емдемеген»; «Мынадай дәрігерге бармаңыз» сияқты сөздерді айтуға тыйым салынады.
ХХІ – бап. Дәрігер – стоматолог өзінің ұжымына арыз- шағым түсіруге тыйым салынады.
ХХІІ – бап. Стоматология ұжымының жетекшісі кәсіби қызметінде үлгі болуға тиіс; барлық қызметкерлерге бірдей қарауға тиіс.
ХХІІІ – бап. Медбикелер, тіс дәрігерлер, тіс гигиенисті, рентген – лаборант және барлық қызметкерлер дәрігер – стоматологтың бұйрықтарын міндетті түрде орындауға тиіс. Манипуляция кезінде дәрігер – стоматолог пациенттің қасында болуға тиіс.
ХХIV – бап. Дәрігер – стоматолог, орта, кіші медицина қызметкерлері пациенттің көзінше тұрмыстық мәселелерін айтуға тыйым салынады.
ХХV – бап. Дәрігер – стоматолог және орта, кіші медицина қызметкерлерінің арасында, дәрігер – стоматолог және пациенттің арасында жекжаттық қарым – қатынастарына жол берілмесін. Бір – бірімен сыпайы түрде сөйлесуге тиіс.
ХХVІ – бап. Хирург – стоматолог өзінің ассистент – дәрігер – стоматологпен және медбикемен тек мимика, қысқаша латын сөздермен сөйлесуге тиіс, өйткені пациентке олардың сөздері түсініксіз болу керек.
ХХVІІ – бап. Дәрігер – стоматолог пациентке өте сыпайы сөйлеу қажет. «Сіз нағыз азаматсыз»; «Міне қазір бітірейк деп қалдық» сияқты сөздерді айту қажет. Дөрекі сөздерге жол берілмесін.
ХХVІІІ – бап. Стоматология профиліндегі мамандар үнемі тек біліктілік дәрежесін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар жіберілген қателеріне сараптау жасау, айтылған сынға дұрыс көзғарасты қалыптастыру қажет.

IV – бөлім. Сырт киімге қойылатын талаптар.
ХХІХ – бап. Дәрігер – стоматологтың, тіс гигиенистің және медбикенің (дәрігер – стоматологтық ассистенті) киімі санитарлы – гигиеналық нормаларға сәйкес болуға тиіс (халат, бетперде, колпак, қолғап, аяқ – киім), сонымен қатар таза болуға тиіс.
ХХХ – бап. Әйел адамдарға маникюр, ұзын тырнақ өсіруге тыйым салынады, жұмысты бастар алдында алтын бұйымдарды шешу қажет. Қолдың терісінде жарақат болған кезде, бактерицидті пластырь жабыстыру қажет.
ХХХІ – бап. Халаттың ұзындығы киімді жауып тұру қажет. Операциялы костюм мақтадан жасалынғаны жөн. Оның үстіне залалсыздандырылған киім киіледі, операция бөліміне бахилы киіп кіруге тиіс.
ХХХІІ – бап. Келесі пациентті қанмен кірленген фартук пен қолғапта қабылдау үлкен қателік болып табылады. Кірленген киіммен күту залына шығуға тыйым салынады.

V – бөлім. Этикалық Кодекстің әрекет шеңбері. Қайта қарастыру тәртібі және оны бұзу жауапкершілігі.

ХХХІІІ – бап. Этикалық Кодексі емхананың дәрігер – стоматологтарына және орта буын медицина қызметкерлеріне арналған.
ХХХІV – бап. Кәсіби этиканы бұзғаны үшін дәрігер – стоматолог жауапқа тартылады. Дәрігер – стоматологтың ең бірінші соты өзінің ар-намысы. Екіншісі – емхананың атынан стоматологиялық қауымдастығы. Егер этикалық нормаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңдылықтарына тиесілі болса, стоматология профилінің мамандары Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Share:

Color Skin

Nav Mode