
Баршаңызды төл мереке — Медицина қызметкерлері күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Әрбір адамның денінің саулығы – қоғамымыз бен мемлекеттің басты байлығы.
Қандай мамандықты таңдағаныңыз маңызды емес: медбике, акушер, фельдшер, зертханашы, дәрігер болсын, Сіздер, «Медицина» деп аталатын үлкен жүйенің бір бөлігісіздер және Сіздерсіз бұл жүйе толық жұмыс істей алмайды.
Уақыт, адамгершілік және өмірлік құндылықтар өзгереді, ал дәрігерлер мен медбикелердің шипалы алақандары мен мейірімді жүректері ешқашан өзгермейді. Бүгін өз өмірін қиын да игілікті іске – адам денсаулығы мен өмірін қорғауға арнаған әрбір жанның күнтізбесіндегі ерекше күн. Медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметі мейірімділік, рақымшылық, адамгершілік сынды адами құндылықтарға негізделуде. Бұл ақ желеңді әрбір азаматқа әлемдегі баға жетпес құндылық, адам өміріне деген үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Коронавирустық инфекциямен күрестің алдыңғы шебінде тұрып, өз қызметтік парызыңызды жанқиярлықпен орындай отырып, Сіздер адам өмірін құтқарасыздар және сонымен бірге өз өмірлеріңізді жиі қатерге тігесіздер.
Covid-19 пандемиясымен күресте біз кәсіби тәжірибесі мол, халқына адал, шыдамды әріптестерімізді жоғалттық, бірақ заманымыздың батырлары – біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Әлемді дүр сілкіндерген індеттен де құтылатын күн туар. Алда жақсы да жарқын күндер күтіп тұрғанына күмәнім жоқ. Тек осындай жақсы күндерге жету үшін аянбай еңбек етіп, алға қойған асқаралы істер мен міндеттерге шаршамай, үлкен сеніммен алға қарағанымыз жөн.
Біздің денсаулық сақтау саласында бір-бірімізді түсіну және қолдау – маңызды. Тек бірге ғана біз ең батыл кәсіби жоспарларды іске асыруда жетістіктерге қол жеткізе аламыз.
Алдағы уақытта да осы үрдісті жалғастырып, облыс халқының сапалы медициналық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ететін боламыз. Сіздердің осындай күрделі кезеңде атқарып отырған адал еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы». Сондықтан, барлық медицина қызметкерлеріне мықты денсаулық, шаңырақтарына амандық, жауапкершілікке толы қызметтеріне сәттілік пен табыс, төзімділік пен күш – қайрат, отбасыларына береке мен шаттық тілеймін. Мереке құтты болсын!
Әсет Қалиев,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы