Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

2024 жылдың 10 сәуір айында ШЖҚ МКК «Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасында» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің 2024 жылға жұмыс жоспарына сәйкес директордың Аманжолова Салтанат Кумаргалиевнаның және комлаенс офицерінің қатысуымен мекеме қызметкерлері арасында жиын өтті. Қозғалған мәселе – «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғым түсіндіріліп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастырылды. Қызметкерлердің «жемқорлыққа қарсы» көзқарастарын біліп, талқылау өткізілді. Жиын барысында кәсіпорын қызметкерлері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыстарының жүруі, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық фактілерінің орын алуына жол берілмеуі туралы жұмыстар жалғастырылатынын ескертті.

Share:

Добавить комментарий

Color Skin

Nav Mode