
Бүгін тіс ренгенографиясы және оның адам ағзасына тигізетін зияны мыс деген тақырыпта әңгіме қозғағымыз келіп отыр. Қазіргі таңда тіс рентгенін жасаудағы радиоактивті сәулелердің ағзаға зияны туралы мәліметтер негізсіз болып қалды. Өйткені, бет жақ жүйесіндегі рентген түсірілімдер кезіңдегі пайдаланатын радиоактивті сәулелендіру мөлшері өте аз болып келеді.
Мысалы, адам ағзасы үшін 1 жылда рұқсат етілген сәулелендіру мөлшері 1000 мкЗв. Ал, 1 тісті рентгенге тусіру үшін 2-3 мкЗв пайдаланылады. Яғни, 1 жылда визиографпен түсірілген 400-ден артық тіс рентген суреті, 80 панорамды, 20 КЛКТ жасауға болады. Бұл мәлімет ғылыми түрде дәлелденген.
Күнделікті өмірімізде радиацияның тарауынан ешкім сақталмаған. Мысалы, кейбір құрылыс материалдары, толқынды пештер, ғаламдық радиациясы, күн сәулесі радиациясы беретінің айта кетуге болады. 1 сағат ұшақпен ұшу 13 млЗв-ке дейін радиоктивті сәуле таратады екен. Жүкті әйелдерге жүктіліктің 1-ші тоқсанында рентген жасауға қатаң тиым салынады, ал жүктіліктің сонғы айларында тек қатаң көрсеткіштермен ғана рентген жасау ұсынылады.
Стоматологияда рентген диагноз қою үшін, бет жақ жүйесіндегі ауытқуларды анықтау үшін, жасалған емнің сапасын көру үшін, т.б. жасалады және ескерте кететініміз 1 тісті емдеу үшін 2-3 рентген жасау ұсынылады!
Түйіндеме:
Құрметті ата-аналар балаларыңызға шектелген рентген суретін жасау ұсынылса, міндетті түрде орындауға тырысыңыздар. Алдағы жасалатын емнің нәтижесі сапалы болу үшін рентген суреті тікелей байланысты.