
Менің пациенттерім үшін әдемілік маңызды: дәрігер-стоматолог Раушан Үсенбаева
Үсенбаева Раушан Балтабайқызы 1985 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылында дүниеге келген. 2003-2008 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында дәрігер-стоматолог мамандығы бойынша оқып бітірген. Алғаш жұмыс тәжірибесін жеке кәсіпкерліктегі маман-стомотолог ретінде бастаған ол 2012-2016 жылдары Жамбыл облыстық «Ана мен баланы аялау орталығында», 2016 жылдан бері қазіргі уақытта Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасында жоғары санатты дәрігер-стоматолог. Үнемі кәсіби шеберлігін арттырып, біліктілікті шыңдау курстарын оқып, республикалық, аймақтық семинарларға белсене қатысып жүретін ол 2017 жылы Алматы қаласында өткен «Жақ-бет аймағының радиодиагностикасы» бойынша, 2018 жылы қазан айында Мәскеу қаласында өткен «Сәтті емдеудің алғашқы қадамдары: диагностика, жоспарлау, жазбаны таңдау, орналастыру» бірінші, екінші деңгейлі ортодонтия мектебінің семинарына қатысқан. 2018 жылы қараша айында Украина Республикасы Полтова қаласында өткен «Тістерді көркемдеп қалпына келтіру» шеберлік сыныбына қатысқан. Сондай-ақ, Раушан Балтабайқызы әрдайым өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауымен, өзіне бекітіліп берілген аумаққа дәрігерлік көмек көрсетуді үнемі жоғары көрсеткіштерде ұстап, үлгілік нұсқасын қамтамасыз етумен, қарауындағы дәрігер қызметкерлеріне талапшылдығымен, жоғары біліктілігімен, әділдігімен ерекшеленеді.
«Тіс дәрігері болу — менің бала кездегі арманым. Ол үшін көп оқып, білім алу қажет. Стоматолог оқуын оқып бастағанымда маған қиындық болған жоқ. Менің дәрігер ретіндегі жұмысым, ең алдымен, пациенттің дұрыс, әрі қалыпты тамақтануы үшін шайнау қызметін қалпына келтіру болып табылады. Ал, пациенттер үшін, ең біріншіден, әдемілік маңызды. Сондықтан, жұмысымда осы екі маңызды нәрсе бар. Жұмыс барысында бізді жыл сайын үнемі шет мемлекеттерге халықаралық симпозиумдарға әріптестерімізбен тәжірибе бөлісуге шақырып тұрады. Маған өз жұмысым ұнайды. Жұмысқа үнемі көтеріңкі көңіл-күймен келемін, қанша шаршап тұрсам да, жұмыста моральдық тұрғыдан демаламын. Біздің Жамбыл облыстық тіс емханасында пациенттерді емдеуге арналған заманауи құрал-жабдықтың бәрі бар, сондықтан біз оларға көмектесіп, кепілдік береміз. Адамдарға көмектесіп, олардың қуанғанын көру — қандай бақыт!», — дейді стоматолог-ортодонт дәрігер Раушан Балтабайқызы.
Красота важна для моих пациентов: врач-стоматолог Раушан Усенбаева
Усенбаева Раушан Балтабаевна родилась в 1985 году в Жамбылской области Жамбылского района. В 2003-2008 году окончил Карагандинскую государственную академию медицины и стоматологии. Первый трудовой стаж специалиста-стоматолога в частном предпринимательстве начал в 2012-2016 году в Жамбылском областном ′′ Центр путешествий матери и ребенка «, с 2016 года, в настоящее время высококлассный врач-стоматолог в Жамбылской областной стоматологической клинике. Тот, кто всегда повышал профессиональные навыки, изучал курсы компетенции и активно участвовал в республиканских, региональных семинарах, сообщает ′′ Радиагностика доброй зоны ′′ в 2018 октября 2017 года в Алматы: диагностика, планирование, подбор записей, размещение ′′ посетил семинар школы ортодонтии первого, второго уровня. В ноябре 2018 года участвовал в мастер-классе ′′ Выдумка зубов ′′ в Полтовой, Республика Украина. Также Раушан Балтабаевна всегда берет на себя большую ответственность за свой бизнес, всегда держит докторскую службу в высоких показателях, предоставляя модельную версию и обязана сотрудникам врача с высокой квалификацией и справедливостью.
′′ Быть стоматологом — моя детская мечта. Для этого нужно много учиться и многому учиться. Когда я начал читать стоматологию, я не был проблемой. Моя работа врача в первую очередь восстанавливать жевательные услуги для пациента, чтобы правильно питаться, и нормально. А для пациентов в первую очередь важна красота. Итак, у меня есть две важные вещи на работе. Во время работы нас постоянно приглашают в зарубежные страны для обмена опытом с коллегами на международных симпозиумах. Мне нравится моя работа. Всегда прихожу на работу с хорошим настроением, как бы я не устала, я на работе морально отдыхаю. В нашей Жамбылской областной стоматологической клинике есть все современное оборудование для лечения пациентов, поэтому мы помогаем и гарантируем их. Одно удовольствие помогать людям и видеть их счастливыми!»,-говорит врач стоматолог-ортодонт Раушан Балтабаевна.