Баланы дәрігер-стоматологтың қабылдауына дайындау

Стоматологқа барар алдында балаларда болатын «қорқыныш» сезімін қалай сейілтуге болады?

  1. Үйде балаңызға дәрігердің жағымды образын қалыптастырыңыз. Стоматологпен балаңызды қорқытпаңыз. Балаңызға керісінше дәрігерлер туралы жағымды әңгіме айтыңыз. Ауырған кезде бірінші көмек беретін дәрігер екенің, оған сенуге болатының айтыңыз.
  2. Қорқытпаңыздар. «Егер емдетпесен, тістерін қарайып, түсіп қалады». Бұл баланың психикасына кері әсерін тигізеді. Одан бетер қорқыныш ұялатады.
  3. Балаңызға стоматологтың қабылдауында қандай процедуралар жасалатының ашық түсіндіріп айтыңыз. Егер тек консультация болса, ол күні тек сонымен ғана шектеліңіз. Өйткені, баланың өзіңізге деген сенімін жоғалтуыңыз мүмкін.
  4. Ойын түрінде балаңызға стоматологтың қабылдауында не істейтінің көрсетсеңіз болады. Резинке қолғап киіп көрсетіңіз, себебі тіс-дәрігердің қабылдауында дәрігер қолғап кигенде баланы үрейлендіруі мүмкін.
  5. Сөзіңізде тұрыңыз. Егер тек тексеріп қарау болады десеңіз, ешқандай емдеу шараларын жүргізбеңіз.
  6. Балаңызға өзінің сезімін ашық жеткізуді үйретіңіз.
  7. Маңызды: Ал 2-3 жастағы балалардың тіс емдеуге келісімін беруі өте қиын. Сондықтан, балаңыздың тісін емдейтін жағдайға жеткізбеңіз. Балаңыздың тістерін жүйелі түрде тазалап, тәтті тағамдардан бас тартып, әр түрлі сусындардың орнына су ішуін қадағалаңыз. Тамақтанған соң тістерін шайып тұруын әдетке айналдырсын.

 

Балаларыңызға стоматологқа деген сенімді бірге қалыптастырайық! Баланың тістерінің саулығы бірінші Сіздің  қолыңызда екенің ұмытпаңыз!

Color Skin

Nav Mode